Петропавлда әріптесін көлікпен қаққан түрме қызметкері жұмыстан қуылып, үйқамаққа алынды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 26 мамырда СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеменің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір бұл қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылып, үйқамаққа алынды.

Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер, соның ішінде ҚАЖД басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Зардап шеккен адам да - ҚАЖ қызметкері. Ол қазір Петропавл қаласының көпсалалы ауруханасында жатыр.


Соңғы жаңалықтар