Петропавлда алып подшипниктің мүсіні пайда болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында жаңа мүсін пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл және Я.Гашек көшелерінің қиылысында «Индустриялық Қазақстан» атты мүсіндік композиция орнатылды. Қала тұрғындары оны «алып подшипник» деп атап кетті.

«Мүсіндік композиция қала құрылысы кеңесінде бекітілген. Болаттан жасалған «алып подшипникті» дайындауға 1,5 ай уақыт кетті. Композицияны жергілікті Мұхамедиев ЖК орнатты», - деп баяндады Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінен.

Композиция қаланың индустриялық аймағының кіреберісінде орналасқан. Оның биіктігі - 16,4 метр, ені - 6,2 метр. «Индустриялық Қазақстанды» дайындап, орнату үшін қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.

Жергілікті биліктің аймақтың индустриялық секторын дамыту жөнінде ауқымды жоспарлары бар. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жиналыстардың бірінде биылғы жылы қаланың өнеркәсіп аймағында қараусыз қалған бірнеше кәсіпорын сатып алынып, қалпына келтірілетінін атап өткен болатын.
null

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар