Петропавлда алименттен қашқан әкенің қарызы 1,5 млн теңгеден асып кеткен

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан полицейлері борышкерлерді іздеу бойынша үш күндік акция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, акция басында көші-қон полиция басқармасының өндірісінде 133 іздестіру ісі болған.

Тәртіп сақшылары кішкентай қызына төлемеген алименті 1,5 миллион теңгеге жеткен петропавлдықтың тұратын жерін анықтады. Ал өзі бұдан мүлдем бейхабар екенін айтып, ақталған.

«ҚР заңнамасына сәйкес, іздеу салынған борышкер немесе алимент төлемей жүрген адам екінші рет жасырынса, қылмыстық жауапқа тартылады. Ол үш жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді басқарма бастығы Талғат Әбілов.

Полицейлер борышкерлерді іздеудің машақаты көп екенін айтады. Борышын төлеуден жалтарғандар жиі пәтер алмастырып, кейбірі тіпті елден шығып кететін көрінеді.
null 

Үш күн ішінде тәртіп сақшылары 27 адамның мекенжайын анықтады. Соның 15-і қарызды болса, 8-і алимент төлемеген. Ал қалған төртеуін туыстары іздеген.

 

Соңғы жаңалықтар