Петропавлда Алғыс айту күніне орай зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 1 Наурыз - Алғыс айту күні мерекесіне орай Петропавлда зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл - Петропавл қалалық әкімдігінің бастамасы. Олардың ұсынысын жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер бір ауыздан қолдап, мерекеге өз үлесін қосып жатыр. Яғни, наурыздың 1-і күні қарт адамдар қалаішілік бағытта жүретін барлық автобустардың қызметін тегін пайдалана алады. Қазіргі уақытта Петропавлда тұратын зейнеткерлердің саны 44 мыңнан асады.
«Қала зейнеткерлеріне 1 наурыз - Алғыс айту мерекесіне орай осындай сый жасауды ұйғардық. Петропавл бойынша 270 қоғамдық көлік бар. Соның бәрінде зейнеткерлеріміз тегін жүре алады»,- дейді Петропавл қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ораз Кәршалов.
Жалпы, Петропавлда мерекеге орай көптеген іс-шаралар жоспарланған. Қалалық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Этностар Форумы», «Шашу» қайырымдылық акциясы, «Этно-fashion» атты ұлттық киімдердің фестиваль-конкурсы өтіп жатыр. Сондай-ақ ұйымдар, оқу орындары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері облыс орталығындағы «Балалар ауылында», «Аналар үйінде» болып, қайырымдылық шараларын өткізді.
- Әлихан Смайылов семейліктерге пәтер кілтерін табыс етті
- Роман Скляр «КамАЗ» зауытының 50 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты
- Алматылық жастар қоныс тойын тойлады
- СҚО-да әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тексерілді
-
СҚО-да соңғы үш жылда полицияның жеті қызметкері «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
-
СҚО-ның Мамлют ауданында екі бірдей фронт-кеңсе ашылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам