+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Петропавлда алғашқы үш адам Армениядан әкелінген көлігін тіркеді

2020 жылғы 1 маусым 22:52
Бөлісіңіз:
Петропавлда алғашқы үш адам Армениядан әкелінген көлігін тіркеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда тұрғындар армениялық нөмір тағылған көліктерін тіркей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күннің алғашқы жартысында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына Армениядан әкелінген көліктерін уақытша тіркеу үшін Петропавлдың үш тұрғыны жүгінді.

Солардың бірі - Дулат Әбішев 2011 жылы шыққан Hyundai Elantra автокөлігін былтыр желтоқсан айында елге әкелген. Ол заңнамадағы жаңашылдықтарды ести салысымен бірден алғашқы күні қажетті құжаттарды жинап, ресімдеуді шешкен.

«Мемлекеттің өз азаматтары үшін осындай шешім қабылдағанына қуаныштымын. 12 мың теңге төлеп, көлікті өзімнің атыма ресімдей аламын. Заңды түрде еліміздің жолдарында жүріп-тұруға мүмкіндік туды», - дейді қала тұрғыны.

Қазақстандықтар Армениядан әкелінген көліктерін 1 маусымнан бастап тұрғылықты елдімекендері бойынша тіркей алады. Қазір әкімшілік полиция қызметкерлері автокөлік иелерінің тіркеуге байланысты туындаған сұрақтарына жауап беру мақсатында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Полиция департаментінде «қауырт желі» жұмыс істейді. Сондай-ақ, тіркеу –емтихан алу бөлімінің қызметкерлері халықтың көліктерді тіркеу барысында туындайтын сұрақтарына жауап беру үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына орналасып, кезекшілік етуде.

«Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелген автомобильдер тіркеуге жатады. Осындай көлік құралдарын тіркеумен байланысты басқа да мәселелер бойынша біз түсіндіру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Ресімдеу құны - 11 946 теңге. Бұған тіркеу үшін төлем, көлік құралының тіркелу куәлігі мен мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін мемлекеттік баж салығы кіреді», - деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT