Петропавлда адамдар аударылған көліктегі келіншекті құтқарды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жеңіл көлік аударылып, зардап шеккен жүргізушіні мамандар келгенше дейін адамдар машина ішінен алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Жазбадан ер адамдардың аударылып жатқан көліктің ішінен зардап шегушіні көптеп көмектеп шығарып жатқанын көруге болады.

«14 қаңтар күні сағат 14.11-де «102» жедел арнасына Петропавлдағы Жамбыл көшесі, 258-інші үйге қарама-қарсы жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы қоңырау түсті. «Toyota RAV4» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, машинаны аударып алған. Салдарынан 35 жастағы қала тұрғыны зардап шекті. Келіншек Петропавлдың емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді», - делінген Петропавл қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілген.



Соңғы жаңалықтар