+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Петропавлда 83 жастағы кейуана құдыққа құлап кетті

2019 жылғы 25 қазан 10:37
Бөлісіңіз:
Петропавлда 83 жастағы кейуана құдыққа құлап кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда абайсызда құдыққа құлап кеткен 83 жастағы зейнеткерді құтқарушылар аман-есен алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында мас адам мінген көлік көпірден құлап кетті Көкшетауда кішкентай бала жабық тұрған құдыққа түсіп кеткен Лисаков қаласында 75 жастағы кейуана балконнан құлап көз жұмды

Оқыс оқиға бүгін күндізгі сағат 15.00 шамасында Петропавлдағы Изумруд саяжайында болған. Шетен жемісін үзіп алмақ болған қала тұрғыны абайсызда артқа құлап кеткен. Аяқ астында қаңылтырмен жабылған құдық бар екен. Жұқа темір бар салмағымен құлаған әйелді көтермей, опырылып түскен. Ені шамамен - 1 метр, тереңдігі - 3 метр болатын шұңқырдан кейуананы өз күшімен шығара алмаған құрбылары құтқарушыларға телефон шалып, көмекке шақырады.


«Күндізгі сағат 15:04-те ересек адамның құдыққа құлағаны жайлы ақпарат түсті. Шамамен 10-15 минуттың ішінде оқиға орнына жетіп, зардап шегушіні құдықтан тартып алып шықтық», - дейді СҚО ТЖД құтқару бөлімінің бас құтқарушысы Саян Ахметжанов.

Оқиға орнына жеткен мамандар зейнеткерді аман-есен құдықтан алып шықты. Оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Петропавлдағы №3 қалалық ауруханаға жеткізді. Бірнеше минут белуардан суда тұрған зейнеткер қатты тоңған екен, дәрігерлер әйелге гипотермия диагнозын қойды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT