Петропавлда 700-ден астам зауыт жұмысшысы екі ай берілмеген жалақыларын алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы «Зиксто» акционерлік қоғамы жұмысшыларына еңбекақы бойынша берешегін толық қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қаласы прокурорларының араласуынан кейін кәсіпорын 700-ден астам жұмысшысына екі айдың еңбекақысын төледі. Берілген сома 100 млн теңгеден асады.

«Зиксто» АҚ заң бұзушылықтарды анықтаған прокурорлар еңбек инспекциясымен бірлесе әрекет етіп, зауыттың басшылығымен және жұмысшылармен кездесті. Нәтижесінде еңбекақы бойынша кәсіпорын берешегі толығымен өтелді.

«Зиксто» АҚ екі ай еңбекақы алмаған жұмысшылары Құқық қорғау қызметі орталығына арызданып, мәселеге прокуратура, еңбек инспекциясы, облыстық әкімдік араласқанын айтқан едік. Зауыт басшылығы ай соңына дейін қарызды жабуға уәде етіп, сөзінде тұрды.

Соңғы жаңалықтар