Петропавлда 6 жасар бала хабар-ошарсыз кеткен

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 6 жасар балаға іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Андрей Дорошенко Т. Мұхамедрахимов көшесіндегі үйдің ауласынан 2 шілдеде шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазірге дейін оның қайда екені белгісіз», - дейді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. Бала бұрын да үлкендерге ескертпестен шығып кеткен.

Петропавл ІІБ қылмыстық полиция бөлімі із-түзсіз кеткен баланың белгілерін жариялады:

«Шашы ашық түсті, қысқа, қой көзді, бойы 105 см шамасында, денесі арықтау келген. Үстінде көк джинсы шалбар және майка болған».

Полицейлер баланы көрген немесе қандай да бір ақпарат білетін адамдардан «102» нөміріне хабар беруін сұрайды.

Соңғы жаңалықтар