Петропавлда 40 шақты қылмысқа қатысы бар әйелдің ісі тергеліп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Алаяқтық» бабы бойынша ұсталған әйелдің 40-тан астам қылмысқа қатысы болуы мүмкін, жәбірленушілер қатары күннен-күнге толығып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр қазан айында Петропавл қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша күдікті 39 жастағы қала тұрғынына қатысты тергеуді бастады. Бүгінгі күні оның 40 қылмысқа қатыстылығы анықталды, жәбірленушілердің тізімі күннен-күнге толығып жатыр. Келтірілген шығын сомасы 13 млн теңгеден асады.

Алаяқ «керек адамдар арқылы жоғарғы білім туралы дипломдарды жедел сатып алуға көмектесемін» деп жұрттан ақша алған. Бұдан басқа, әйел өз құрбандарын қосымша сыйақыға жоғары оқу орнына түсіріп, орта арнаулы білімі бар студенттерге арналған бағдарлама бойынша құрылған «жеделдетіп оқыту тобына» орналастырамын деп уәде еткен. Тәртіп сақшыларының сөзіне қарағанда, зардап шеккендердің көпшілігі өздерінің алданғандарын сезсе де, айлар бойы жалған уәденің орындалатынын күткен.

«Жәбірленушілердің кейбірі «жауапкершілікке тартыламыз деп қауіптеніп, полицияға жүгінуге асықпайды. Алаяқ жаңа клиенттерді әкелгендерге жеңілдік ұсынылған. Егер зардап шеккендердің әрекетінде қылмыстық пиғыл болмаса, олар қылмыстық жазаға тартылмайды. Біз күдіктінің әрекетінен зардап шеккен барлық жәбірленушілерді полицияға хабарласуларын сұраймыз», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Әлнұр Ахмедияров.


Соңғы жаңалықтар