+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Петропавлда 34 сарбаз «атқыш» мамандығын алды

2019 жылғы 11 қыркүйек 00:38
Бөлісіңіз:
Петропавлда 34 сарбаз «атқыш» мамандығын алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебін аяқтаған 34 курсант салтанатты түрде ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қорғаныс министрі ресми сапармен Өзбекстанда жүр Қорғаныс министрі Ақтөбе гарнизонының медициналық жабдықтарын көрді СҚО-да әскерге бармау үшін шекара асатындар бар

Әскери техникалық мектептің тәрбиеленушілері 40 күн ішінде әскери-техникалық мамандықтардың бірін меңгереді. Петропавлдағы Жеңіс саябағында емтихандарды сәтті тапсырған сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады. Оқу курсынан өткен түлектер «қатардағы жауынгер» атанып, әскери билетпен қатар «атқыш» мамандығы бойынша сертификат алмақ.

«Оқуға ниет етіп келгендердің арасында заңгерлер де, бағдарламашылар да, мұғалімдер де бар. Олар әскери полигонда болып, оқу-жаттығулардан өтті. Қару-жарақпен танысып, нысанаға тигізуді үйренді. Әскери билет алғаннан кейін түлектеріміз қызмет етуге дайын», - дейді СҚО әскери-техникалық мектептің оқытушысы Жайлау Шәріпов.

Әскери техникалық мектепке 24 пен 27 жас аралығындағы жоғары білімі бар жігіттер түсе алады. Оқу ақылы, 263 мың теңге тұрады.

«Мұндай мектептер тиімді, 40 күн ішінде әскери билет алу жастарға оңтайлы болса, еліміздің Қарулы Күштері қатары да мобильді резервпен толығады. Қазір мұндай мектептер еліміздің 15 қаласында бар. СҚО-дағы оқу орны Қостанай облысының азаматтарын да даярлықтан өткізеді. Оқу ақысы сарбаздарды күнделікті үш мезгіл тамақпен, әскери киіммен және жататын орынмен қамтамасыз етуге жұмсалады», - дейді СҚО Қорғаныс істері департаменті баспасөз қызметінің бастығы Айман Әбжапбарова.

Биыл әскери-техникалық мектеп 500-ден аса азаматты оқытуға тапсырыс алған. Бұл жолғы түлектердің 15-і СҚО-дан болса, қалғаны Қостанай өңірінің жігіттері. Жалпы жыл басынан 200-ге жуық азамат Петропавлдағы әскери мектепті бітірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT