Петропавлда 300 орындық жатақхананың құрылысы басталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 306 орынға арналған студент жатақханасының құрылысы басталды. Облыс орталығында бұған дейін 280 орындық жатақхана бой көтеріп, пайдалануға берілген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүсті Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, студенттерге арналған жаңа жатақхананың құрылысы 2020 жылдың тамызында аяқталады. Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында тұрғызылып жатқан нысанға инвестор 750 млн теңге қаржы жұмсамалады. Кәсіпкер Денис Бернат бұған дейін 280 орынға шақталған жатақхананы пайдалануға берді. Жаңа жатақхана 306 орын бар.

«Бізге берілген жерді қазір қоршап жатырмыз. Қажеті құрылыс материалдарын әкеле бастаймыз. Ал жаңа жылдан кейін іргетасын қалаймыз. Ауа райы қолайлы болса, келесі жылы қыркүйек айында студенттерді кіргіземіз. Ең болмағанда Жаңа жылға дейін салып бітіреміз», - дейді Денис Бернат.

Жаңа жатақхана М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне арналған. Қазір жоғары оқу орнында 7,2 мың студент білім алса, шамамен 40% жатақханадан орын жетіспейді.

«3 247 студентке баспана қажет, оның 1 856-сы орынмен қамтылған. Ал 1391 студентке орын тапшы. Қамтылу 58% құрайды. Жаңа жатақхананы іске қосқан кезде бұл көрсеткіш 67% жетеді. Біз бұл мәселені жүйелі түрде шешеміз», - деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Мамандардың сөзіне қарағанда, жатақхана қонақ үй типтес болады. Әр бөлменің асханасы, санитарлық торабы мен жуынатын жері болады. Сстуденттер айына 15-18 мың теңге коммуналдық ақы төлейді.

Петропавл қаласында 2020 жылы тағы 4 студенттер жатақханасы салынады деп жоспарланған. Қажетті жер дайын, жергілікті билік қазір осы жобаны жүзеге асыратын инвестор іздестіріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар