Петропавлда 30 жылдан артық бос тұрған тарихи нысан жөнделіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тарихи-сәулет нысаны болып саналатын көпес Шамсутдиновтың үйі жөнделіп жатыр. Кәсіпкер ескі ғимаратты жаңғыртып, сауда үйін ашпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы Құмар Ақсақалов бүгін көпес Шамсутдиновтың үйінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрді.

«Біз жергілікті кәсіпкерлерге бос тұрған ғимараттарды жөнге келтіріп, өз істерін ашуға мүмкіндік беріп жатырмыз. Осындай жобалардың бірі – Шамсутдиновтың сауда үйі. Халық арасында «колизей» атанып кеткен тарихи-сәулет нысаны 30 жылдан артық бос тұрды. Енді мұнда қазір құрылыс жұмыстары қызған. Кәсіпкер тарихи атына заты сай болатындай сауда үйін ашпақ. Мұнда супермаркеттен бөлек кеңселер, фитнес-орталық және бассейн болады», - дейді Құмар Ақсақалов.

СҚО тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен қолдану орталығының мәліметінше, көпес Шамсутдинов ғимаратты 1915-1916 жылдары сауда үйі ретінде салғызған. Ал 1930-1960 жылдары бұл үйде компартияның облыстық комитеті, 1970-1990 жылдары облыстық аурухана орналасты. Бүгінде жеке кәсіпкердің иелігінде.

Екі қабатты ғимарат қызыл кірпіштен модерн стилінде салынған. Петропавлдың дәл ортасында тұр.

Жалпы Петропавлда 62 тарихи нысан болса, соның 42-сі жекеменшіктің қолында. Үш ғимарат бос тұр.


Соңғы жаңалықтар