Петропавлда 3 мыңнан астам адам алғаш рет дауыс береді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында бүгін 3079 адам алғаш рет дауыс беріп, азаматтық құқығын пайдаланбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл тұрғыны Айсұлу Әмрина сайлауға алғаш рет қатысып отыр. Ол - Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 1-курс студенті. Маңызды іс-шарада дұрыс таңдау жасау үшін 18 жастағы бойжеткен әр партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып шығыпты.

«Алғаш рет дауыс беретін болғандықтан қобалжу болды. Өйткені әр адамның дауысы маңызды, дұрыс таңдау жасауға міндеттіміз. Бүгін бірге оқитын құрбы, құрдастарым да маңызды науқанға қатысады. Еліміз дамып, өркендей берсін деген тілегім бар», - дейді Айсұлу Әмрина.

Жалпы Петропавл қаласы бойынша 165 мыңға жуық сайлаушы бар. Олардың 3075-і алғаш рет саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасайды. Петропавл қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші рет дауыс берушілерге азғантай естелік сыйлық бар - қалам мен блокнот тарту етілмек.


Соңғы жаңалықтар