Петропавлда 3 көлік өртеніп кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Мерседес» өрттеніп, қасында тұрған тағы екі көлік зақымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 14:10-да Петропавлдағы өрт сөндіру қызметіне Пугачев көшесіндегі «Мерседес» көлігінің өрттеніп жатқандығы жөнінде хабар түседі. Өрт сөндірушілер жеткенше дейін ұшқын «Мерседестің» қасында тұрған «Тойота» мен «Маздаға» түсіп, үш көлік отқа оранды.

Өрт жарты сағатың ішінде толық сөндірілді. Алайда «Мерседес» пен «Мазда» көліктері толық жанып кетті. «Тойота» автокөлігінің оң жақ беті мен салонына зақым келді. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, көліктің өрттенуіне электр құрылғысын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау себеп болуы мүмкін.




Соңғы жаңалықтар