Петропавлда 27 жастағы жігіт екі аптадан бері іздестірілуде

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 27 жастағы Ғизат Бірімжанұлы Ысқақовқа іздеу жарияланды. Ер адам 8 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының волонтерлері 1995 жылы туған Ғизат Ысқақовтың жоғалғандығы туралы әлеуметтік желіде жариялады. Айтуларынша, ер адам Петропавлдағы 19-ыншы шағынауданда, Жуков көшесі, 40 үйде тұрады. 8 наурызда ешкімді ескертпестен пәтерден шығып кеткен. Содан бері хабар жоқ.

Бойы 170 см, орташа денелі, қой көзді, қысқа қара шашты. Қарнында тыртығы бар.

Сол күні үстінде қара түсті спорт бас киімі, қара ұзын келген куртка, қара-көк түсті трико, қара кроссовка болған.

Өзімен бірге жеке куәлігін және банк картасын алып кеткен.

Ғизат Ысқақовты көрген-білгендер 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.

Бұған дейін Петропавлдың 38 жастағы тұрғыны Нина Дворецкаяның іздестіріліп жатқанын жазған едік. Ол желтоқсан айының аяғында үйінен шығып кетіп, екі жарым айға жуық одан хабар болмады. Волонтерлер әлеуметтік желі арқылы әйелдің фотосын жариялап, Нинаны іздеп табуға полицейлерге көмектесті. Нәтижесінде әйел аман-есен табылып, туыстарымен қауышты.


Соңғы жаңалықтар