+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Петропавлда 25 қыркүйекте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

2021 жылғы 24 қыркүйек 14:05
Бөлісіңіз:
Петропавлда 25 қыркүйекте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда ертең, 25 қыркүйекте облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, азық-түлік пен жем-азық нарықтағы бағадан 20 пайызға дейін арзанға сатылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да меморгандардың қаражатты қандай мақсатқа негізсіз жұмсамақ болғаны анықталды Қазақстан өсімдік өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті өтті СҚО-да скутер мінген жігіт бағанға соғылып көз жұмды

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Петропавлдағы екі көше бойында ұйымдастырылады. Мағжан Жұмабаев көшесінде, Интернационалдан-Пионер көшелерінің аралығы, азық-түлік сатып алуға болады. Бұл күні ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жаймаға 100-ден астам өнім түрін шығаруды жоспарлаған. Олар: ет, ет өнімдері, сүт пен сүт өнімдері, жұмыртқа, балық пен балық өнімдері, көкөніс, макарон өнімдері мен бал.

Коронавирус індетіне байланысты 1,5 жылдай тоқтап, қайта ұйымдастырылған облыстық жәрмеңкеге өңірдің барлық аудандары, Петропавл кәсіпорындары өз тауарларын шығарады. Өнімдер нарықтағы бағадан 10-20 %-ға арзан болмақ. Әлеуметтік желіде сатушыларға ұсынылған бағалардың тізімі пайда болды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT