Петропавлда 24 қыркүйекте жылыту маусымы басталады

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл әкімі Руслан Анбаев жылыту маусымын бастау жайында қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда жылыту маусымы 24 қыркүйекте басталады. Бұл туралы қала әкімі Руслан Анбаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.

«Петропавл қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1109 қаулысы негізінде жылыту маусымы осы жылдың 24 қыркүйегінен басталады.

Бірінші кезекте жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға - балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, емханаларға және т.б. беріледі. Екінші кезекте көпқабатты үйлер қосылады.

Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелді», - делінген жазбада.

Бұған дейін қала әкімдігі жылыту маусымы 20 қыркүйекте басталады деп хабарлаған еді. Алайда ауа температурасының 20-26 градусқа дейін көтерілуіне байланысты ол кейінге қалдырылды.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, шаһарда орталық жылумен жабдықтау жүйесіне 4,5 мың ғимарат қосылған. Соның 1115-і – көппәтерлі баспана. Жылу энергиясымен тұрмыстық сектордың 71 мың абоненті және 2,3 мың заңды тұлға қамтылған.


Соңғы жаңалықтар