Петропавлда 22 жастағы жігіттің үйінен 31 гр мефедрон табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 22 жастағы жігіт есірткі сақтап, таратқан деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 22 жастағы тұрғыны тамыз айының соңында есірткі қылмысымен күресушілердің назарына ілігеді. Тәртіп сақшыларына оның есірткі таратуға қатысы болуы мүмкін деген ақпарат түскен. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде күдікті ұсталды. Оның тұрғылықты жерінен түйіншіктерге бөліп салынған жалпы салмағы 31 грамм ұнтақ зат табылды.

Сараптама тәркіленген заттың синтетикалық психобелсенді зат – «мефедрон» екендігін көрсетті. Бұл кокаинның синтетикалық аналогы. Ол 500-ге жуық түйіншекке бөліп салынған.

«Тергеу амалдарын жүргізу кезінде оның есірткі таблеткаларын жасырын жерлерге салғаны анықталды. Метамфетамин, көбіне «экстази» атауымен танымал психотропты зат. Биылдыққа ол бірінші рет облыс аумағында анықталып отыр. Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарымен заңсыз айналысу фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті қамауға алынды», - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Қылмыстың бұл түріне он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



Соңғы жаңалықтар