Петропавлда 22 жастағы жігітті өлтірген күдікті ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда 22 жастағы жігітті өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, 9 мамырда қаланың орталығында орналасқан дәмхананың маңында ер адамның денесі табылды.

СҚО ІІД баспасөз қызметінде мәлім етілгендей, жүргізілген сот-медициналық сараптама  жабық бас сүйек-ми зақымын көрсетті.

«Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеліміне ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» деп енгізілді», - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Күдікті - РФ Қорған облысының тумасы, 25 жастағы Петропавл тұрғыны.  

Фото: vmestezp.org

Соңғы жаңалықтар