USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Петропавлда 22 жастағы жігіттің үйінен 31 гр мефедрон табылды

2021 жылғы 9 желтоқсан 16:58
Бөлісіңіз:
Петропавлда 22 жастағы жігіттің үйінен 31 гр мефедрон табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 22 жастағы жігіт есірткі сақтап, таратқан деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында тұрғындардан қару, есірткі және діни сипаттағы материалдар табылды Шығыс Қазақстанда блокпостан мефедрон алып өтпек болған курьер ұсталды Алматы трагедиясы: Лаңкестер полиция департаментін басып алу үшін 27 рет шабуыл жасаған

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 22 жастағы тұрғыны тамыз айының соңында есірткі қылмысымен күресушілердің назарына ілігеді. Тәртіп сақшыларына оның есірткі таратуға қатысы болуы мүмкін деген ақпарат түскен. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде күдікті ұсталды. Оның тұрғылықты жерінен түйіншіктерге бөліп салынған жалпы салмағы 31 грамм ұнтақ зат табылды.

Сараптама тәркіленген заттың синтетикалық психобелсенді зат – «мефедрон» екендігін көрсетті. Бұл кокаинның синтетикалық аналогы. Ол 500-ге жуық түйіншекке бөліп салынған.

«Тергеу амалдарын жүргізу кезінде оның есірткі таблеткаларын жасырын жерлерге салғаны анықталды. Метамфетамин, көбіне «экстази» атауымен танымал психотропты зат. Биылдыққа ол бірінші рет облыс аумағында анықталып отыр. Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарымен заңсыз айналысу фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті қамауға алынды», - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Қылмыстың бұл түріне он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT