Петропавлда 2 ай бұрын екі бойжеткенді қағып кеткен күдікті қамауға алынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Екі бойжеткенді қағып кетті деген күдікпен Илья Старухин Петропавлдағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 27 жастағы жігітке бұдан бұрын Петропавл орталығында «түнгі клубтың алдында адам қақты» деген күдікпен мемлекетаралық іздеу салынған еді.

«Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және «Жол-көлік оқиғасы болған жерді қалдырып кету» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Материалдарды жан-жақты зерттеу, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілгеннен кейін қылмыстық іс өндіріспен аяқталады», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.  

Қайғылы оқиға 15 қыркүйекте болған еді. «Лексус» жүргізушісі екі бойжеткенді қағып кетіп, олардың бірі бірнеше күн өткен соң есін жимастан көз жұмған болатын. Жүргізушінің оқиға орнынан ізін суытып, елден кетіп қалғаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар