Петропавлда 19 жастағы студент қыз биік ғимараттан секіріп кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында жас қыз құрылысы бітпеген ғимараттан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдын ала болжам бойынша, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 19 жастағы студенті өз-өзіне қол жұмсаған. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«19 жастағы бойжеткеннің Сутюшев пен Пушкин көшелерінің қиылысындағы құрылысы бітпеген 13 қабатты ғимараттан құлау фактісі Қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Барлық сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті полицияның баспасөз қызметі.


Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар