Петропавлда 19 жастағы бойжеткенді жеңіл көлік қағып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда көше қиылысында жеңіл көлік 19 жастағы қызды соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода зардап шеккен қыз асфальттың үстінде жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ол көше кесіп өтпек болып жүгіре жөнелген.

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 10.50 минут кеткенде болған. «102» каналына Петропавлдағы Интернационал-Жамбыл көшелерінің қиылысында 2002 жылы туған қызды «Honda CR-V» маркалы машинаның соққандығы жайында хабарлама түседі.

Бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметі шақырылды. Зардап шегуші облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді.

Қазіргі уақытта жүргіншіні соғу фактісіне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша кінәлі тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материал жиналады.


Соңғы жаңалықтар