Петропавлда 13 жасар жасөспірімге іздеу жарияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 13 жасар балаға іздеу жарияланды. Жасөспірімді соңғы рет аялдамада бағыттық автобусқа отырып жатқанын көрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдың 13 жастағы тұрғыны Данил Лосковқа іздеу жарияланды. Ол кеше сағат 20.00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Сол күні бала Петропавлдағы 19 шағын аудан, Н. Назарбаев көшесіндегі аялдамада № 5-інші бағыттық автобусқа отырған.

Әлеуметтік желіде волонтерлер баланың белгілері жазылған бағдарларды таратып жатыр.

Жасөспірімнің бойы 147 см, арықша келген. Ұзын кекілі артқа қайырыла таралған. Желкесінде тыртығы бар.

Сол күні үстінде көк түсті қысқа джинсы шалбар, көк футболка және аяғында қызыл кроссовки болған.

Данил Лосковты көрген-білгендер болса +7-777-307-99-65, 8-926-626-64-33 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.

Ал бұған дейін жоғалған 59 жастағы Рифкат Алимов аман-есен табылды. Туған-туыстарын ескертпестен үйден кетіп қалған Петропавл тұрғыны екі апта бойы іздеуде болды. Полицейлердің айтуынша, ер адам осы аралықта таныстарымен көңіл көтеріп, үйіне өзі қайтып келген.

Ал бұған дейін іздеу жарияланған Алексей Егоров шілдеден бері табылмай жатыр . СҚО Сергеевкадан Петропавлға жолға шыққан 49 жастағы ер адам діттеген жеріне жетпеген.

Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны Юрий Молчановтан да хабар жоқ. 20 шілде күні үйінен кетіп, қайтып оралмаған .

Ал сол күні жоғалған 59 жастағы Рифкат Алимов аман-есен табылды. Туған-туыстарын ескертпестен үйден кетіп қалған Петропавл тұрғыны екі апта бойы іздеуде болды. Полицейлердің айтуынша, ер адам осы аралықта таныстарымен көңіл көтеріп, үйіне өзі қайтып келген.


Соңғы жаңалықтар