Петропавлда 12 жасар бала суға кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда ата-анасының қарауынсыз өзенге шомылуға барған бала сөз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 16.00 шамасында болған. Петропавлдағы 20-ықшамауданы маңынан ағатын Есіл өзеніне шомылуға барған 2009 жылы туған жасөспірім суға кетті.

Бала өзенге үлкендердің қарауынсыз келген.

Оны құтқару мүмкін болмады. Жасөспірімнің денесін жедел-құтқару отрядының мамандары судан алып шықты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

СҚО-да жыл басынан бері суда осымен 19-шы адам қаза тапты. Мерт болғандардың бесеуі – бала. Былтыр суға 9 адам кетсе, оның біреуі бала болатын.


Соңғы жаңалықтар