Петропавлда 11 жасар қызға іздеу жарияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 11 жасар қыз іздестіріліп жатыр, ол кешеден бері хабарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде 11 жасар Полина Шапарьдің жоғалғандығы жөнінде жазба тарады. Жасөспірім 4 маусым күні Петропавлдағы батыр Баян көшесіндегі үйінен сағат 16.00 шамасында шығып кеткен.

Жазбаны таратқан волонтерлердің айтуынша, бойы 150 см, шашы ашық қырмызы түске боялған. Сол күні үстінде қара-қызыл кереге көз жейде, қара джинсы шалбар, аяғында қара аяқ киім болған.

Анасының айтуынша, әдетте құрбысымен саябақта немесе үй маңында қыдырған.

Жоғалған қыз туралы көрген-білгендер болса 8 777 307 99 65 немесе 102 телефон нөміріне хабарласуға болады.



Соңғы жаңалықтар