Петропавлда 11 жасар баланы қаққан көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 11 жасар баланы жаяу жүргіншілер өткелінде қағып, бірақ полицияға хабарламаған көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде қала тұрғыны 11 жастағы баласын Петропавлдағы Қизатов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде соққан көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр. Айтуынша, бала мектепке бара жатқан. Жолды кесіп өте бергенде ақ түсті көлік соққан. Салдарынан бала құлаған, сөмкесі жыртылған. Көлік жүргізушісі тоқтап, баланы мектебіне дейін апарып тастаған. Болған оқиғаны ата-анасы тек кешке ғана білген.

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, «102» нөміріне бұл жайында хабар тек сағат 21.02 минутта түскен. Петропавлдағы Қизатов көшесіндегі 9А үйге қарсы жүргіншілер өткелінде 2009 жылғы жасөспірімді көлік қаққан.

Оқиға орнына келген инспектор жол-көлік оқиғасының сағат 12.00 шамасында болғанын анықтады. Осы дерек бойынша «Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамауы» бабымен әкімшілік іс қозғалды. Қазіргі уақытта патрульді полиция батальонының қызметкерлері көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр. Жол-көлік апатын жасаған көлік жүргізушісі 50-06-48 телефон нөмірі арқылы кезекші бөлімге немесе «102» нөміріне хабарласа алады. ҚР жолда жүру тәртібіне сәйкес көлік жүргізушісі жол-көлік оқиғасы жайында ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.


Соңғы жаңалықтар