Петропавлда 11 мотоцикл мен скутер айып тұрағына қойылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда түн тыныштығын бұзған мотоцикл және скутер жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавлда өткен сейсенбіде сағат 23:36-да «102» пультіне мотоциклшілердің түнгі тыныштықты бұзуына қатысты шақырту түскен. Оқиға орнына келген патрульдік полиция батальоны экипажы екі мотоциклшіні тоқтатты. «Yamaha» маркалы мотоциклдің қозғалтқышының дауысы әлдеқайда қатты болған. Осыған байланысты облыс орталығында тұратын 28 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 437-бабы 1-бөлігі «Тыныштықты бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді заң бұзушы 6312,5 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

«Биыл 34 жастағы петропавлдықтың үстінен мемлекеттік тіркеу нөмірінің болмауына қатысты екі мәрте әкімшілік хаттама толтырылды. Қос дөңгелекті қөлік құралы иелерінің жауапсыздығының соңы көп жағдайда қайғылы аяқталады. Жыл басынан мотоцикл жүргізушісінің кінәсінен 1 және скутершілердің қатысуымен 3 жол-көлік апаты болды, салдарынан 1 адам қаза тауып, 3 жарақаттанды», - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

Тәртіп сақшылары түнгі 23:00-ден кейін тыныштықты бұзғандарға жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Жыл басынан тек облыс орталығында жасалған түрлі бұзушылықтар үшін 11 мотоцикл мен скутер айып тұрағына қойылды.

Соңғы жаңалықтар