Петропавлда 10 жасар баланы тонап кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Он жасар баланы өз үйінің кіреберісінде тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыскер баланың ұялы телефонын тартып алып, ізін жасырған.

«Баланың әжесі тез арада «102» нөміріне хабарласады. Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері мен шұғыл басқару орталығының видеобақылау операторлары қылмыс болған аумақты жылдам сүзіп шықты. Күдікті ұсталды. Ол Қызылжар ауданының тұрғыны екен. Ұрланған зат қайтарылды. Тонау болған уақыттан қылмыскер ұсталғанға дейін арада небары 15 минут өтті», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

«Тонау» қылмыстық бабы бойынша берілетін жаза - 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

«Қылмыстың аз уақытта ашылуына жәбірленуші тараптың жылдам ішкі істер органдарына хабарласуы ықпал етті», - деп атап өтті Петропавл ІІБ басшысы Жандос Мұхатов.

Жыл басынан бері патрульдік полицейлер 535 қылмысты ашқан.

 

Соңғы жаңалықтар