+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Петропавлда 10 мың адамға қызмет көрсететін отбасылық денсаулық орталығы ашылды

2019 жылғы 13 желтоқсан 21:50
Бөлісіңіз:
Петропавлда 10 мың адамға қызмет көрсететін отбасылық денсаулық орталығы ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда отбасылық медицина орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда тағы бір пульмопровизорлық госпиталь ашылды Қостанайлық дәрігерлер инфекцияға қарсы құралдармен толық қамтамасыз етілген Түркістан облысында СК-Фармацияның өңірлік қоймасына тексеру жұмыстары жүргізілді

Петропавлда пайдалануға берілген медициналық нысан қалалық №1 емхананың құрылымдық бөлімшесі. Отбасылық медициналық орталықты ашудағы басты мақсат – қалалық емханаға артылған жүкті азайту, нәтижесінде тұрғындар ұтады. Енді дәрігердің қабылдауына кіру үшін ұзын-сонар кезекте тұрудың қажеті жоқ және медициналық көмекті алысқа бармай-ақ алуға болады.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов отбасылық медициналық орталықтың ашылу салтанатына қатысты. Емдеу мекемесінің жұмысымен танысып, пациенттерге жасалған жағдайды көрді.

«Бұндай орталықтарды ашу емханалардағы кезектерді қысқартуға мүмкіндік береді. Бүгінде 3 орталық ашылды, осының арқасында кезек 30% қысқарды», - деді Құмар Ақсақалов.

Қазір Петропавлдағы №1 қалалық емханаға 69 мың адам тіркелген. Оның 10200-і енді жаңа отбасылық денсаулық орталығына келіп, емделе алады. Ересектерге және балаларға 6 учаске ашылған. Ем-шара қабылдау кабинеттері, дәріхана жұмыс істейді. Жалпы практика дәрігерлері қабылдайды. Электрондық кезек бар. №1 қалалық емхананың бас дәрігері Светлана Кашенцеваның сөзіне қарағанда, отбасылық денсаулық орталығында мамандарға ғана қаралып қоймай, анализдер тапсыруға болады, екпелер де осы жерде жасалады.

Орталыққа жақын маңда тұратындар және колледж студенттері тіркелген. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, болашақта облыста осындай орталықтардың саны артады. Бұл - медициналық қызмет көрсетудің сапасы жақсартады. Оған қоса кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін көтерме ақы беріліп, дәрігерлерге баспана салынбақшы.

«100 дәрігерді баспанамен қамту мақсатында 2020 жылдың бюджетінен тұрғын үй сертификаттарына 100 млн теңге бөлдік. Бұл қаражатты олар минималды пайызбен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы пәтер сатып алуға жұмсайды. Осы және тағы басқа қолдау шараларының арқасында өңірде дәрігерлер тапшылығы мәселесі біртіндеп шешіліп келеді», - дейді Құмар Ақсақалов.

Биыл Петропавлда осындай отбасылық денсаулық орталықтарының үшеуі ашылды. СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, шағын медициналық мекемелер қаланың ықшам аудандарында ашылады. «Берекеде» жаңа емхананың құрылысы басталмақ
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT