Петропавлда 1 желтоқсаннан бастап электронды билеттеу жүйесі енгізіледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 1 желтоқсаннан бастап қоғамдық көлікте электронды билеттеу жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, электронды билеттеу жүйесі қоғамдық көліктерге біртіндеп енгізіледі.

1 желтоқсаннан бастап ол 4 бағыттық автобуста қолжетімді болмақ. Кейін бұл жұмыс жалғасын табады.

Осылайша қалған жолаушылар көлігіне де жүйе енгізіліп, терминалдар қойылады.

«1 желтоқсаннан бастап 27, 16, 26м, 6 бағытындағы автобустарда терминалдар жұмыс істей бастайды. «ALEMPАY» компаниясының өкілдері келіп, 27 қарашадан бастап кәсіпорын мамандарын жаңа жүйеде және қондырғымен жұмыс істеуге үйретеді. Ал тұрғындар үшін арнайы бейнероликтер әзірленеді», - дейді «СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының төрағасы Галина Семенова.

Көлік картасын жол жүру билеттері сататын пункттерден немесе облыстық автокөлік одағынан сатып алуға болады.

Әзірге құны – 500 теңге болып бекітілді, бірақ арзандатылуы мүмкін.

Сондай-ақ жолақыны банк картасымен де төлеуге болады.


Соңғы жаңалықтар