кеше 22:09 Петропавлда 1 маусым күні балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүрмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 20:30 Солтүстік Қазақстан бидайы әлемдік нарықта бәсекеге төтеп береді – Бауыржан Ділдебаев ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы биыл 4,5 млн га дәнді дақыл сеуіп, өнім алмақ. Мамыр айының басында көктемгі егіске кірісіп кеткен диқандар науқанды аяқтауға жақын. Бидайдың шығымдылығы, сапасы бірнеше факторға тәуелді болса, соның бірі – тұқымның дер кезінде жерге сіңірілуі. Өңірдегі Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясы 70 жылға жуық жергілікті аграрийлерге әр көктемнің ерекшелігін ескеріп, ұсыным беріп келеді. ҚазАқпарат тілшісі осы тәжірибелік станция басқарма төрағасының өндіріс және ғылым жөніндегі орынбасары Бауыржан Ділдебаевтан сұхбат алып, маманның биылғы астық шығымына қатысты болжамын білді.
кеше 16:46 Петропавлда әріптесін көлікпен қаққан түрме қызметкері жұмыстан қуылып, үйқамаққа алынды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 26 мамырда СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеменің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.
29.05.2023 21:00 Президенттің Қызылжарға жұмыс сапары қалай өтті АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс күні қауырт болды. Солтүстік Қазақстан облысына сапарлаған Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жүздесті. Сондай-ақ облыстағы әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Мемлекет басшысының өңірге сапары жайында толығырақ ақпаратты ҚазАқпараттың шолу материалынан оқыңыздар.
29.05.2023 18:32 Солтүстік Қазақстанда он жылда халық саны 7,3% азайған, орташа жалақы - 177 мың теңге АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуы туралы статистикалық мәлімет жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29.05.2023 15:56 СҚО дәрігерлері 14 жасар қыздың асқазанынан 1 кг жуық шаш пен жүн алып шықты ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер 14 жасар қызға бірнеше сағат ота жасап, асқазанынан келіге жуық шаш пен жүн алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 15:00 Президент «Қызылжар-Сүт» фермасына барды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Президентке сүт фермасындағы сауын цехы және мал бордақылау алаңы көрсетіліп, осы кешенде қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
22.05.2023 03:46 Әйелдер арасында бокстан жазғы спартакиада жеңімпаздары анықталды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласында әйелдер боксынан Қазақстанның VI жазғы спартакиадасы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.05.2023 23:44 Бал биін шахмат ойынына ұқсатамын – 30 жыл сахнада жүрген биші ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бал биін тегін үйренуге болады. Би студиясының жетекшісі Владислав Оленчук - 30 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі биші. Хореограф ізбасар даярлап қана қоймай, өзі де әлі күнге сахна төрінен көрініп жүр. Бал биін өмірлік серік еткен маманмен ҚазАқпарат тілшісі сұхбат құрған еді.
19.05.2023 22:56 Петропавлда үй жануарлары уақытша паналайтын баспана салынады ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жануарларға жауапкершілікпен қарау заңын жүзеге асыру аясында биыл қаңғырған ит-мысықты аулауға, уақытша ұстауға, вакцина егуге және стерилизациялауға 53,4 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.05.2023 18:32 Петропавлда құжатсыз көлік айдап, полициядан қашқан жас жігіт видеоға түсіп қалды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 26 жастағы жігіт жүргізуші куәлігінсіз рульге отырып, кейін артынан қуған полицейлерден қашып құтылмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2023 15:11 Петропавлда орыс мектептерінде қазақ сыныбы ашылғанымен, бала саны жетпей жатыр ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 454 мектептің әрбір төртіншісі ғана таза қазақ тілінде сабақ береді. Петропавлдағы үш орыс мектебінде қазақ сыныптары ашылғанымен, бала санын жеткізе алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2023 14:15 СҚО-да зейнетке шығып кеткен тергеуші 45 млн теңге параға қатысы бар деген күдікпен ұсталды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысты жасырды деген күдікпен экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2023 11:15 СҚО халқы 2 маусымда Сенат депутатын сайлайды: 4 үміткер бар ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Сенат депутатын сайлау 2 маусым өтеді. Өзін-өзі ұсынған 4 кандидат тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 15:23 СҚО ботаникалық бағындағы еліктер қорыққа жіберілді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ботаникалық бақтағы еліктердің бір бөлігі табиғат аясына жіберілді. Олар мұнда түрлі себеппен жеткізіліп, мамандардың күтімінде болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 14:56 СҚО-да кәсіпкердің қоймасын өртеп, 738 млн теңге шығынға ұшыратқан күдікті екі айға қамалды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкердің қоймасын тұқымдық бидайымен бірге өртеп жіберді деп ұсталған күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 13:48 СҚО полицейлері соңғы 10 жылдағы ең ірі есірткі партиясын тәркіледі ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ірі мөлшердегі марихуана партиясын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 10:45 Қайрат Әбдіханов Солтүстік Қазақстан облысына прокурор болып тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокурордың 15 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.05.2023 14:01 СҚО-да дүниеге келгендерден қайтыс болғандардың саны көп ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тұрып жатқан халықтың тең жартысы – ауыл тұрғыны. Қазіргі уақытта өңірде 533,4 мың адам тұрып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.05.2023 20:52 Отау құру ешқашан кеш емес: СҚО-да биыл 81-дегі ата үйленіп, 82 жастағы әжей күйеуге шыққан ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 845 жұп шаңырақ көтерді. Жыл басынан бері 228 жұп ажырасып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.