Петропавл жылу орталығындағы апаттың экологиялық зардабы қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 20 наурызда Петропавлдағы жылу электр орталығында апат болды. Осы орайда еліміздің экология, геология және табиғи ресерустар министрлігі апатқа қатысты мәлімдеме жасап, мәселенің қалай шешілу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Экология, геология және табиғи ресерустар министрі Серікқали Брекешев СҚО-да жұмыс сапарымен болып «СевКазЭнерго» АҚ және басқа да жергілікті кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, министр сапар барысында аталған өңірдің экологиялық мәселелері мен оларды шешу жолдарын талқылауға арналған кеңеске қатысты.

Осы орайда СҚО-ның экологиялық жағдайы мен оған қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы министрлікке қарасты экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов айтып берді.

«Бүгінде қоршаған ортаны ластаушы заттардың жоғары концентрациясы бар залалды шығарындылардың 70%-ы «СевКазЭнерго» АҚ-ға тиесілі. Сонымен қатар бұл қалаға жылу жеткізетін жалғыз орталық. Жыл сайын Петропавл ЖЭО-2-ден 1 млн тоннадан астам күл-қоқыс қалдығы шығарылады. Ондағы эмиссияның белгіленген мөлшері жылына 40 мың тоннаны құрайды», - деп хабарлайды экология министрлігінен.

Аталған ведомствоның мәліметінше, СҚО-да автожолдарды салу мен жөндеуде күл-қоқысты пайдалану мәселесі шешілмеген.

«Бұл шара қалдықтарды қайта жаратуға және жаңа полигон салу қажеттігін болдырмауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Осы орайда жоғарыда аталған мәселе бойынша экология министрі Серікқали Брекешев 1 апта ішінде күл-қоқыс қалдықтарын пайдалану бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Атап айтқанда, өңір әкімдігі «СевКазЭнерго» АҚ-мен бірлесіп жолдар мен нысандарды салуда өнеркәсіптік қалдықтарды қайта жарату мәселесін пысықтау керек.

Еске сала кетейік, 20 наурызда Петропавлда жылу-электр орталығының бір мұржасы жартылай құлады.

Сондай-ақ, Президент тұрғындарды тез арада жылумен қамтуды тапсырды .

Араға бір апта салып аталған жылу орталығында тағы да апат болды.

Кейін «СевКазЭнерго» АҚ жағдайдың тұрақталып келе жатқанын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар