+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Петропавл тұрғыны пәтерін гүл бағына айналдырған

2020 жылғы 25 мамыр 19:51
Бөлісіңіз:
Петропавл тұрғыны пәтерін гүл бағына айналдырған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл тұрғыны Анастасия Анның пәтерінде көздің жауын алатын түрлі-түсті гүлдердің 30-дан астам түрі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2 шілдеде Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады Ақмолалықтар бір күнде полицияға 32 тіркелмеген қару өткізді 2020 жылғы Мюнхен марафоны жаңа форматта өтеді

Петропавл тұрғыны Анастасия Анның пәтері шағын гүл бағы іспеттес. Қызыл, сары, ақ, күлгін – түрлі-түсті гүлдер жыл он екі ай гүлдеп, иесіне көз қуанышын сыйлайды. Анастасияның айтуынша, өсімдіктер жайқалып өсуі үшін оны уақтылы суарып, топырағын қопсыту, қоректендіру жеткіліксіз. Олармен сырласу қажет.

«Глоксиния – сүйікті гүлдерімнің бірі. Гүл өсіруді қолға алуыма осы глоксиния себепші болды. Алғаш рет оны сіңлімнің үйінде көрдім, өте ұнады. Өсіріп, көбейтіп көрдім. Аса күтімді қажет етпейді. Кейін басқа гүлдер пайда болды. Кейбірін өзім арнайы дүкендерден, таныстарымнан сатып алдым. Енді бірін менің хоббиімді білетін достарым сыйлап жатады. Жұмыстан шаршап келгенде, көңіл қошым болмаса гүлдеріммен сырласамын. Әдемілік әлемді құтқарады деп бекер айтпаса керек», - дейді гүл өсіруші.


Анастасия СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тылдық қамтамасыз ету бөлімшесінің қару-жарақ жөніндегі аға инспекторы болып еңбек етеді. Әділет майоры. Гүл өсіру – оның сүйікті істерінің бірі. Жұмыс кабинетінде де гүлдер жайқалып өсіп тұр. Олар жақсы көңіл-күй сыйлаумен қатар, бөлменің ауасын тазартады.

«Менде глоксинияның ғана жеті түрі бар. Гүлдері үлкен, барқыт тәріздес, түстері қою, қанық келеді. Қоңырау тәріздес бұл гүлдің екі түстілері де, секпілдісі де, желбіршегі бары да кездеседі. Өте әдемі», - дейді Анастасия Ан.


Анастасияда пеларгония, шегіргүл, орхидея, драцена, фикус – әрқайсысының бірнеше түрі бар. Қала тұрғыны негізінен аса бапты қажет етпейтін өсімдіктерді таңдайды екен.

«Әдетте біздің жұмыста бос уақыт бола бермейді. Сол себепті қызметкерлеріміз сүйікті істерімен көбіне зейнет демалысына шыққанда айналысады. Ал Анастасия Васильевна жұмысының маңыздылығына қарамастан, гүлдеріне уақыт тауып жатады. Әсіресе қыстыгүні, аяздарда кабинетіндегі жайқалған түрлі-түсті гүлдерді көріп, ләззат аласың», - дейді СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Мәдина Ерғалиева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT