+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Петропавл тұрғындары шекарадан кедергісіз өткізу үшін ПТР тестін қолдан жасап, сатып келген

2021 жылғы 16 қыркүйек 14:18
Бөлісіңіз:
Петропавл тұрғындары шекарадан кедергісіз өткізу үшін ПТР тестін қолдан жасап, сатып келген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда карантин уақытында шекарадан кедергісіз өтуге мүмкіндік беретін жалған құжаттарды істеп, сатумен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алексей Цой жалған вакциналау паспорты туралы: Кімді алдап жатыр

Бұл жайында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаменті шекара қызметімен бірлесе Петропавл қаласының тұрғындары ұйымдастырған «жасырын» цехты әшкереледі.

Тұрғын үйде орналасқан пәтерде карантин уақытында шекарадан кедергісіз өтуге мүмкіндік беретін жалған медициналық құжаттар дайындалып келген.

Жүргізілген тінту барысында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдардың мөрі, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР тест қорытындысы алынды.

«026/у үлгісіне сәйкес диагноз бен емделудің тығыздығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындылары, шетел медициналық ұйымдарынан емделуге шақыру хаттар, ПТР тест қолдан жасалған. Мұны белгілі бір ақыға Қазақстан Республикасының азаматтарына короновирус пандемиясына байланысты карантин қолданылған кезеңде Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарадан кедергісіз кесіп өту үшін сатып келген», - делінген хабарламада.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT