Петропавл тротуарларына ескерту белгілері қойылуда

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полицейлер тротуарларда «Баланы қолынан ұстаңыз» жазуы бар белгілер қойып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мемлекеттік және орыс тілдерінде «Баланы қолынан ұстаңыз» трафареттерін жасады.

Жазбаны жаяу жүргіншілер жолағының алдына асфальтке жазуда.

«Жазғы демалыс алдында полицейлердің осы бастамасы адамдарға өз көмгені тигізеді деп сенеміз. Жол ең кішкентай қателікті де кешірмейді. Сондай-ақ, мектептер жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында дәрістер, викториналар және конкурстар өтіп жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
null

Профилактикалық жұмысқа балалар да атсалысуда.  №8 қалалық орта мектепте жол қозғалысының жас инспекторлары бар. Жас инспекторлар полицейлермен бірге көшеге шығып жатыр.  Балалар жүргізушілерге нұсқаулықтар мен буклеттер таратуда.

Полицейлердің айтуынша, мұндай профилактика жүргізушілерге ерекше әсер етіп жатыр.
nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар