Петропавл шағынаудандарын жаңажылдық көлік шеруі аралады (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында алғаш рет жаңажылдық көлік шеруі ұйымдастырылды. Облыс орталығының көшелерімен мерекеге орай безендірілген 20-дан астам көлік жүріп өтті.

Қалалық әкімдіктің қолдауымен акцияны «Внедорожник» клубы ұйымдастырды. Олар көліктерімен қала көшелерін бойлап жүріп, тұрғындарды мерекелік сыйлықтарымен қуантты.

«Біз петропавлдықтарды, бірінші кезекте, балаларды қуантпақ едік, жаңажылдық көлік шеруін өткізгіміз келді. Оған 25 көлік қатысты. Мақсатымыз - қаланың шағынаудандарын шарлап, мерекелік қойылымдар қойып, балаларға сыйлықтар тарату, оларды қуанту болды. Барлығы 240 сыйлық дайындалды», - дейді аталмыш клуб өкілі Александр Гвардвольд. Көліктер тізбегін мерекенің басты нышаны - жаңажылдық шырша орнатылған көлік бастады. Шара қатысушылары Петропавлдың төрт шағынауданында болып, Аяз ата, Ақшақар қыздың және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қойылымдар қойды, балалармен бірге шыршаны айналып, тәтті сыйлықтар таратты.

Соңғы жаңалықтар