Петропавл полициясының сервистік моделі оң нәтиже көрсетуде

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапар аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Петропавл қаласы полиция басқармасының фронт-офисіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, фронт-офиске күніне әртүрлі сұрақтармен шамамен 75 тұрғын жүгінеді. Фронт-офис 4 секторға бөлінген: жалпы мәселелер, әкімшілік, анықтау және тергеу, халықты құжаттандыру және тіркеу залдары. Күтуге қолайлы жабдықталған, тегін Wi-fi желісі, банкомат және мемлекеттік баж салығы мен әкімшілік айыппұлдар төлеу үшін терминал бар.

Сонымен қатар, Connection point өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Электрондық үкімет порталында өз бетіңше электрондық қызметтерді алуға мүмкіндік бар. Полиция басқармасының бастығы ай сайын фронт-офис базасында азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдайды.
null

«Қызмет бабымен Қазақстанның басқа да қалаларында жиі боламын. Байқағаным, әзірше тек Петропавл полициясында ғана фронт-офис бар. Бұл тәжірибе ақпарат алуды жеңілдетеді. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының қызметкерлерімен өзара іс-қимыл үшін өте ыңғайлы», - дейді петропавлдық Наталья Алексеенко.

Сонымен қатар, агенттік төрағасына полиция қызметкерлеріне арналған адалдық дүкені көрсетілді.

«Полиция қызметінің ашықтығы, халық үшін қолайлы жағдай туғызу және әкімшілік кедергілерді қысқарту - бұл қазіргі қоғамның қажетті талаптары» - деп атап өтті Алик Жатқамбайұлы.
null

Агенттік төрағасы Петропавл қаласы полиция басқармасының жұмысына оң баға беріп, қызметті жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар