Петропавл полициясына жаңа басшы келді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығымен Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының бастығы болып полиция подполковнигі Жандос Мұхатов тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жандос Мұхатов 1982 жылы туған. Ішкі істер органындағы қызметін 2003 жылы тергеуші болып бастаған. «ІІ дәрежелі Айбын» мемлекеттік наградасына ие. Осы уақытқа дейін Павлодар облысының ІІД Шарбақты аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарып келді.

Петропавл қаласы Ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы Анатолий Мурзыканов Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болды.

 

 

Соңғы жаңалықтар