+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Петропавл полицейлері ұрыларды ұстауға көмектескен тұрғындарды марапаттады

2020 жылғы 9 тамыз 21:33
Бөлісіңіз:
Петропавл полицейлері ұрыларды ұстауға көмектескен тұрғындарды марапаттады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл полицейлері ұрыларды ұстауға көмек көрсеткен екі тұрғынды марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қылмыс деңгейі 47,8% төмендеді Семейде полицейлер 4 адамды өрттен құтқарды Қазақстандықтар Әділет министрлігіне көбіне қандай мәселелер бойынша жүгінеді

Мараптқа ұсынылған азаматтардың бірі - такси жүргізушісі Сергей Кузенёв, екіншісі – сатушы Лариса Бурлёва. Қалалық полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов оларға салтанатты жағдайда алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Сайттың жазуынша, төрт ай бұрын бұл азаматтар зейнеткерді тонап кеткен ұрыларды ұстауға көмек көрсеткен. Қылмыс 8 сәуір күні болған. Бұрын сотталған 1982 жылы туған петропавлдық пен оның 1993 жылы туған танысы басқосудан соң банкоматтан зейнетақысын алып жатқан 74 жастағы зейнеткер әжейді аңдып, қолынан 150 мың теңге ақшасы бар сөмкесін жұлып алып, қашып кеткен. Сол маңдағы дүкеннің қызметшісі мен өтіп бара жатқан такси жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, күдікті әйелді ұстап алып, полицияға табыстады. Ал күдікті ер адам бой тасалады. Алайда көп ұзамай полицейлер оны жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камераларының көмегімен қолға түсірді.

14 шілде күні сот оларға қатысты үкім шығарды. Ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның танысының үш жылға бас бостандығы шектелді. Келтірілген шығын толығымен өтелді.

«Құқық қорғау органдарына көмек көрсететін азаматтарды марапаттау полицияда игі дәстүрге айналған», – дейді Жандос Мұқатов.

«Бұл айналасында болып жатқан жәйттерге бейжай қарамайтын тұрғындар мен полицияның арасындағы іс-қимылдың тиімділігін көрсетеді. Осы қылмысты ашуда ерекше көмек көрсеткен барша азаматтарға алғыс айтамын»,-деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT