Петропавл полицейлері із-түзсіз кеткен 49 жастағы әйелді іздестіруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының ІІБ қылмыстық полиция бөлімі із-түзсіз жоғалған 1969 жылы туған Бағдат Қайыргелдіқызы Мадьярованы іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 2018 жылдың 8 тамыз күні сағат 22:00 шамасында Петропавлдағы Уәлиханов көшесі 19-шы үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері жоғалған азаматшадан ешқандай хабар болмай отыр. Жоғалған әйел емдеу мекемелерінің бірінде есепте тұр.

Ол орта бойлы, толық денелі, қысқа қара шашты, көздерінің түсі қоңыр. Үстінде көк түсті көйлек, ақ түсті күртешесі, аяғында лакталған туфлиі болуы мүмкін. Қолында қызыл түсті лакталған сөмкесі болған.

Аталған азаматша жайлы қандай да бір ақпарат естіген жағдайда Петропавл қаласының ішкі істер басқармасына 8(7152)39-48-37, 39-48-07, 8-474-239-11-61 немесе 102 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар