Петропавл пәтерлеріне «ақылды» есептеуіштер орнатылып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына цифрландыру жаңалықтары енгізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, пәтерлерге «ақылды» есептеуіштерді орнату жобасы сынақ ретінде іске асырылуда.

Жуков көшесі, 40-үй мекенжайында орналасқан тұрғын үйге есептеуіштерді «ақылды» ететін модемдер орнатылып жатыр. Олар жергілікті Киров атындағы зауытта жасалған.

«Модемдерді «KazSmartSys» ЖШС орнатып жатыр. Ол ыстық-суық судың, газ бен электрдің көрсеткіштерін автоматты түрде Интернет арқылы орталық серверге тікелей жіберіп отырады», - дейді қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері.

Зауыт 250 модем шығарып үлгерген. Пәтерлерге қазірге дейін 15 құрылғы орнатылған.

Төрт тұрғын үйге суды есептейтін жалпыға ортақ құрылғы орнатылған. Көрсеткіштер «KazSmartSys» компаниясының орталық серверіне жіберіледі. Тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, 1072 көпқабатты үйдің 757-сіне (537-сі - мемлекеттік бағдарлама негізінде) жылу есептегіштер орнатылған.

Петропавлда электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматты жүйесі де енгізілген. Қалада осы жүйенің 26 есептеуіші бар. 

Соңғы жаңалықтар