Петропавл мен Қызылжар ауданы карантинге жабылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы 9 қарашадан бастап карантинге жабылады. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында бұл елді мекендерге кіріп-шығуға тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова брифинг барысында бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысымен таныстырды.

9 қараша сағат 00.00-ден бастап Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы карантинге жабылып, периметр бойынша блокпостар қойылады. Елді мекендерге кіріп-шығуға тыйым салынады. Алайда, арнайы қызметтерге, медициналық тексерілуге келгендерге, жұмыс орны берген анықтамасы бар келіп-кетіп істейтін жұмысшыларға кіріп-шығуға рұқсат беріледі.

«Қалғандары карантиндік шектеу күшейтілген аймақтан шығу не керісінше кіру қажет болған жағдайда ПТР-тест жасатулары қажет. Оның нәтижесі тек 3 күнге ғана жарамды. Бұл анықтама 5 жасқа дейінгі балаларға қажет емес», - дейді Татьяна Горлова.

Маманнның айтуынша, карантиндік шектеу шаралары күшейтілген аумақта адам көп жиналатын түрлі спорттық, мәдени іс-шараларды, той-томалақтарды өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ отбасылық және басқа да түрлі іс-шараларды өткізуге жекеменшік үйлерді жалға беруге тыйым бар.

«Кинотеатрлар, түнгі клубтар, балалардың ойын алаңдары, фуд-корттар, ойын-сауық мекемелері, аквапарктер және діне мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылды. Медициналық орталықтар алдын ала жазылу бойынша қабылдай алады. Сауда үйлері мен дүкендердің жұмыс уақыты да шектеледі.

«Облыста КВИ жұқтырғандардың 56% Петропавлға тиесілі. Ал Қызылжар ауданында 8% артқан. Бұл - өте үлкен көрсеткіш. Облыста ауырып жатқан науқастардың 46% - 50 жастан асқандар. Сол себепті барлық облыс тұрғындарын сақтық шараларын ұстануға шақырамын. Қолға алынған іс-шараларға түсіністікпен қарауларыңыз керек», - дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова.


Соңғы жаңалықтар