Петропавл маңындағы саяжай учаскелерін су басу қаупі бар

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда ТЖ бойынша басқармасының мамандары бақ шаруашылығы бірлестігінің төрағаларымен кездесті.

Жауын-шашынның аса мол көлемде түсуі салдарынан облыс орталығына жақын орналасқан саяжай учаскелерін су басу қаупі туындап отыр.

«Қыста облыс аумағында жауын-шашынның үлкен көлемі түскен, алдын ала мәліметтер бойынша жердегі су қоры нормадан артық. Сондықтан 2015 жылы Кожзавод, Речпорт аудандарын, Заречный кентін су басуы ықтимал. Саяжай иелерімен кездесуде тасқын кезінде қандай қауіпсіздік шараларын қолдану керек екенін жеткізгіміз келеді», - деп ақпараттандырды Петропавл қалалық ТЖ бойынша басқармасының бас маманы Дмитрий Растихин.

Тасқынға қарсы шараларға Петропавлда 12,4 млн. теңге бөлінгенін атап өту керек.

Соңғы жаңалықтар