Петропавл көшелеріне мыңнан астам жол белгісі жетіспейді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының көшелеріне тағы 1 001 жол белгісін орнату қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Qyzyljar - adaldyq alany» жобалық кеңсесін жүзеге асыру барысында арнайы бақылау тобы сәуір мен қыркүйек айлары арасында Петропавл қаласы көшелеріне бағдаршам мен жол белгілерін орнатуға қоғамдық мониторинг жүргізеді.

Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық бақылаудың мақсаты - тұғындардың, соның ішінде көлік жүргізушілерінің жол инфрақұрылымының жарақтандырылуына қанағаттану деңгейін білу.

Нәтижесінде қала көшелеріне тағы 1 001 жол белгісін орнату қажеттігі анықталды. Тұрғындардың пікірінше, 1.21. «Балалар» және 3.24. «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» жол белгілерін оқу орындары мен балабақшалардың жанында 248-ін қою керек. Сондай-ақ, көшелерде жүк көлігінің қозғалысын шектеу, жолақ бойынша жүруге бағыттау және бұрылысты бағыттау сияқты белгілер жетіспейді. Облыс орталығындағы көше қиылыстарының кейбірінде 5.33. «Тоқтау сызығы» жоқ.

Арнайы бақылау тобының мүшелері бұл жұмыстарды жалғастырмақ. Қоғамдық мониторингтің нәтижесі, жолдағы қауіпсіздікті қамтуға бағытталған ұсыныстар мен ескертулер «Qyzyljar - adaldyq alany» жобалық кеңсесінде талқыланып, нақты шаралар қолға алынбақ.

Соңғы жаңалықтар