Петропавл қаласындағы қоймадан шыққан күшті өрт 7 сағат өткеннен кейін сөндірілді

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы қоймадан шыққан күшті өрт 7 сағат өткеннен кейін сөндірілді,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін хабарланғандай, «Оникс» ЖШС-іне тиесілі ангар үлгісіндегі қойма кеше сағат 10:49-да өрт құшағына оранған болатын. Тілсіз жау 1000 шаршы метр аумақты қамтыған. ҚР ТЖМ ақпаратына сәйкес, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қойманың бүкіл төбе жабындысы құлап, қызыл жалын «ГАЗ» автокөлігін, 50 тонна битумды және 2600 орама рубероидты жалмаған.

Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 97 маман мен 12 техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар