Петропавл қаласында жеңіл автокөлік санаулы минутта жанып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда жеңіл автокөлік санаулы минуттарда толық өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін түсте болған. «101» телефон нөміріне сағат екілер шамасында Жамбыл көшесіндегі 53 үйдің ауласында автокөліктің өртеніп жатқандығы жөнінде хабар келіп түседі.null

Шақырту бойынша жеткен өрт сөндірушілер «Ауди-100» көлігінің отқа оранғанын көрген. Жалын 10 минуттың ішінде толық сөндірілгенімен, машина жанып кетті.

Мамандардың айтуынша, автокөлік 5-10 минуттың ішінде толық жанып кетеді екен. Сол себепті өрттің шыққанын байқаған жағдайда оны барынша тез сөндіруге тырысқан жөн. Яғни, түтін шыққан жағдайда жол жиегіне тоқтап, өрт сөндіргішті қолдану керек. Басқа затпен сөндіру нәтиже бермейді, әрі күйіп қалу қаупі бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 21 автокөліктің өртенгені туралы хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар