Петропавл қаласында электр энергиясын беру тарифі төмендеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Оңтүстік Орал темір жолы» федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорнының «Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорнының электр энергиясын беру қызметіне талдау жүргізді.
Талдау қорытындысы бойынша, «Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорнының қайта қаржыландыру ставкасын есепке ала отырып, негізсіз табыс сомасы 1 5 264 8 30 теңгені құрады.
Осыған байланысты, департаменттің 27 қазандағы бұйрығымен «Оңтүстік Орал темір жолы» федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорнының «Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорны үшін 1 желтоқсаннан бастап бір жылға «электр энергиясын беру» реттелетін қызметіне 0,31 теңге/Квтс мөлшерінде уақытша өтемдік тариф қолданысқа енгізіледі.
Төмендеу көрсеткіші - 81,55 % .
- Алматыда жылу энергиясының тарифі қымбаттамайды
- СҚО-да 12 мың гектар бос жатқан жер сот арқылы қайтарылды
- Қазақстанда электр энергиясын ең көп тұтынатын өңірлер белгілі болды
- СҚО кәсіпкерлерінің өнімдері Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстанға экспортталады
-
Петропавлда жүргізуші куәлігі жоқ мас адам жүк көлігін айдап әкетпек болды
-
СҚО тұрғыны 14,5 келі есірткімен ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам