Петропавл қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл әкімінің орынбасары болып Әділбек Әубәкіров тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, Әділбек Бағдатұлы Әубәкіров Петропавл әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарады.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында үлкен тәжірибесі бар.

Әділбек Әубәкіров Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриевка елді мекенінің тумасы, 1984 жылы дүниеге келген.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің түлегі.

Еңбек жолын жеке кәсіпкерліктен бастаған.

2006-2008 жылдар аралығында жеке мекемелерде еңбек етті.

Ж2008-2018 жылдар аралығында СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасында бас маманнан бастап, басшысы лауазымына дейін өсті.

2021 жылдың тамызынан қазіргі тағайындауға дейін, «Есіл су» филиалы директорының кеңесшісі қызметін атқарды.

Әділбек Әубәкіров бұған дейін Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болған Жанболат Батырбековтың орнына келді.

Ол бұл лауазымда бір жыл 2021 жылдың қыркүйек айынан биылғы қыркүйекке дейін еңбек етіп, СҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметіне кетті.


Соңғы жаңалықтар